Бөлiм туралы
Тіл саясаты
Жаналықтар
Бірінші басшылардың өмірбаяны
Бөлімнің жұмысы
Бөлімнің есептері
Нормативтік-құқықтық актілер
Мемлекеттiк сатып алулар
Сілтемелер
Әңгімелесу
Сурет галереясы
2017 жылға арналған қызметтік міндеттер
Құрылымдық бөлімшелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Қала туралы
Іс-шаралар
 



 

 
Қарағанды облысының «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жаңалықтарын таратуға жазылу

 

Басты Бөлiмнiң жаңалықтары

Бөлiмнiң жаңалықтары



Әйелдер үшін зейнеткерлік жастың өзгеруі  10 января 2018 года

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңынасәйкес, 2018 жылғы 01 қаңтардан  бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының 2018жыл мен 2027 жыл аралығында кезең-кезеңмен көтерілуін көздейтін нормак үшіне енеді. Ол жыл сайын алты айдан қосылып,                   10 жыл бойы жүзеге асырылатын болады.2018 жылғы 1 шілдеден бастапзейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне қарай тағайындалатынбазалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас - ер адамдар үшін, 58 жас және 6 ай - әйел адамдар үшін.Зейнеткерлік өтілге не кіреді:Зейнеткерлік өтілге: ынтымақты жүйесінде жинақталған, 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерімен, дипломатиялық жұмыскерлермен және т.б. бірге тұрған уақыты.Бұл өзгерістер 2018 жылғы 1 шілдеден бастапбазалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке шығатын адамдарғақолданылады.Зейнетақы есептеу әдістемесі:Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп, БЗЖҚ-ға аударымдар жасаған болсанемесе мүлдем жұмыс істемеген болса, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы мөлшерінде тағайындалады. 10 жылдан астам жұмыспен өтелген әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ғаарттырылады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жылда - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құраса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.Зейнеткерлік жасты көтерудің кімдерге қатысы болмайды:Қазақстандазейнеткерлік жастың көтерілуі қазіргі кезде зейнеткерлікке ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы болмайды. Бұл бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы болады. Сонымен қатар1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 05 шілде аралығы кезеңінде төтенше және барынша көп радиациялық қауіпі бар аймақтарда кем дегенде 5 жылуақыт тұрған әйелдердің 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқықтары бар.
Зейнетақы ресімдеуге өтініш беру мерзімдері бойынша:Егер әйел азамат зейнеткерлік жасқа (58 жас) 2017 жылғы 10 қарашада толып, уақытында, яғни, 2017жылғы 31 желтоқсанға дейін жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бермей, тек 2018 жылғы қаңтар айында келсе, онда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, өтінішімен және құжаттар топтамасымен жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға 58,6 жасқа толғанда ғана өтініш бере алады.Зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру кестесі

Жыл

Зейнеткерлік жасы

Туған күні

2018 жылғы 1 қаңтар

58 жас 6 ай

1960 жылғы 1 қаңтар мен 1960 жылғы
30 маусым аралығы

2019 жылғы 1 қаңтар

59 жас

1960жылғы 1 шілде мен 1960 жылғы
31желтоқсанаралығы

2020 жылғы 1 қаңтар

59 жас 6 ай

1961қаңтар мен 1961 жылғы
30маусымаралығы

2021 жылғы 1 қаңтар

60 жас

1961жылғы 1шілде мен 1961 жылғы
31 желтоқсанаралығы

2022 жылғы 1 қаңтар

60 жас 6 ай

1962 жылғы 1 қаңтар мен 1962 жылғы
30маусымаралығы

2023 жылғы 1 қаңтар

61 жас

1962жылғы 1шілдемен 1962 жылғы
31 желтоқсанаралығы

2024 жылғы 1 қаңтар

61 жас 6 ай

1963 жылғы 1 қаңтар мен 1963 жылғы
30 маусымаралығы

2025 жылғы 1 қаңтар

62 жас

1963 жылғы 1 шілде мен 1963 жылғы
31 желтоқсанаралығы

2026 жылғы 1 қаңтар

62 жас 6 ай

1964 жылғы 1 қаңтар мен 1964 жылғы
30 маусымаралығы

2027 жылғы 1 қаңтар

63 жас

1964 жылғы 1шілде мен 1964 жылғы
31 желтоқсанаралығы


  Вернуться к новостям





...

Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Көрнекі, сыртқы жарнаманы ресімдеу мәселелері бойынша азаматтардан ақпарат қабылдау және кеңес беру үшін «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жедел желі — 5-12-39» жұмыс істейді.

19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу
18.01.2018
Оқушылар қар тазалау жұмыстарына атсалысты
Толассыз жауған қардың салдарынан қаладағы қар тазалау жұмыстарымен айналысатын мекемелерде тыным жоқ. Бүгінде көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі аулаларын қардан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің бастауы
«Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі. Қолданылып келе жатқан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Жолдаудың басты бағдарларымен танысты
Қаңтар айынның он бесінші жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Әрі қарай оқу
































Ауа-райы
Астана 23
Саран 20
Қарағанды 19

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        444.72
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
Дауыс беру архивы


Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031