Бөлiм туралы
Тіл саясаты
Жаналықтар
Бірінші басшылардың өмірбаяны
Бөлімнің жұмысы
Бөлімнің есептері
Нормативтік-құқықтық актілер
Мемлекеттiк сатып алулар
Сілтемелер
Әңгімелесу
Сурет галереясы
2017 жылға арналған қызметтік міндеттер
Құрылымдық бөлімшелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Қала туралы
Іс-шаралар
 



 

 
Қарағанды облысының «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жаңалықтарын таратуға жазылу

 

ГлавнаяБөлімнің есептері

Бөлімнің есептері



2013 жылғы есеп
2014 жылғы есеп
2015 жылғы есеп
2017 жылғы есеп

Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмысы туралы есеп
Қаладағы мәдениет пен тілдерді дамыту саласындағы жұмыс Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 100 нақты қадам атап көрсетілген ұлт жоспарына сәйкес жүргізіледі. 
Қазіргі кезде мемлкеттік тіл саясаты барлық ұлттардың тіл құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді, қарым-қатынас пен білім алуда, сондай-ақ, шығармашылық қажеттіліктерді жүзеге асыру кезінде тіл таңдау еркіндігін ұсынады. 
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 2015 жылғы 26-28 қазанда «Казтест» бағдарламасы бойынша 60 мемлекеттік және азаматтық қызметші диагностикалық тестілеуден, 10 адам сертификаттық тестілеуден өтті. 
Қалалық «Саран газеті» газетінде «Мемлекеттік тіл саясаты» айдары тұрақты түрде жұмыс істейді. Осы айдарда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі материалдар жарияланып тұрады. Бүгінгі күнге дейін «Саран газеті» газетінде — 28, «Орталық Қазақстан» газетінде — 2, «Индустриальная Караганда» газетінде 1 мақала жарық көрді. 
2014 жылдан бастап тілдерді дамыту орталығында қала тұрғындары үшін қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары өткізіліп келеді. 2014 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарынан 30 адам өтсе, 2015 жылы курсты аяқтағандар саны 127 адамға жетті. Ағылшын тілін оқыту курсы 2015 жылы басталды, биыл 43 адам оқыту курсынан өтті.
Мәдениет мекемелерінің 2015 жылғы жұмысы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты мерейлі даталарға арналды. Жалпы алғанда өткен жылы осы орайда мәдениет мекемелерімен 500-ден астам іс-шара өткізілді.
Саран қаласы мен Ақтас кентінде 1200 адам қатысатын 51 клубтық құрылым жұмыс жасайды. Саран қаласы Мәдениет үйінің 4 ұжымы «Халық», 1-еуі«Үлгілі» атағына ие. 
2015 жылы Мәдениет үйінің ұжымдары түрлі фестивальдар мен конкурстарға қатысты. Атап айтсақ, «Россиянка» славян халықтарының этномәдени қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ресей Федерациясының өкілдігімен Астана қаласында ұйымдастырылған «С Россией в сердце» атты ХІ аймақтық фестиваліне қатысып қайтты, биылғы жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтетін «Амадеус» би ансамблі 2015 жылы «Ақ көгершін» халықаралық балалар шығармашылығы конкурсына қатысып, І және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.
Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Саран қаласында 4 этномәдени бірлестік пен «Видергебурт» неміс орталығы" Қарағанды облыстық қоғамының Саран қалалық филиалы жұмыс істейді. Өткен жылы «Россиянка» славян халықтарының этномәдени қоғамдық бірлестігі материалды-техникалық базасын нығайту үшін 700,0 мың теңге сомасында облыс әкімінің гранты берілді.
Жыл сайын кітап қоры мақсатты түрде сапалы жаңартылып отырады, қалалық кітапханалар қорын жаңа әдебиеттермен және кезекті басылымдармен толықтыру жұмыстары жандануда. Өткен жылы 3216 дана кітап сатып алынды, олардың 1641 данасы мемлекеттік тілде. 
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Н. Гоголь атындағы облыстық ғылыми кітапханамен өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып отырады. Орталық қалалық кітапхананың оқырманы В. Гарифов ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберіндегі «Энергия жизни» фотоконкурсында 2 орынды иеленді, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Да будет слово мудреца» атты облыстық блогтар конкурсында № 2 отбасылық оқу кітапханасының кітапханашылары «Наш Абай» блогын ұсынып, бағалы сыйлықпен марапатталды. 
Салауатты өмір салтын насихаттайтын қалалық «Сұңқар» стадионында жыл бойы түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өтеді. Биылғы жылы спорттық жүрістен денсаулық топтары ұйымдастырылып, қоян-қолтық ұрыс пен фитнес үйірмелері ашылды. 
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тойланатын биылғы жылы мәдениет мекемелерінің жұмысы осы мерейлі мерекені жоғары дәрежеде өткізуге бағытталса, тілдерді дамыту саласында «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру басты назарда болмақ. 
«Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Н.Тәжібаева





...

Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Көрнекі, сыртқы жарнаманы ресімдеу мәселелері бойынша азаматтардан ақпарат қабылдау және кеңес беру үшін «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жедел желі — 5-12-39» жұмыс істейді.

19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу
18.01.2018
Оқушылар қар тазалау жұмыстарына атсалысты
Толассыз жауған қардың салдарынан қаладағы қар тазалау жұмыстарымен айналысатын мекемелерде тыным жоқ. Бүгінде көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі аулаларын қардан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің бастауы
«Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі. Қолданылып келе жатқан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Жолдаудың басты бағдарларымен танысты
Қаңтар айынның он бесінші жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Әрі қарай оқу
































Ауа-райы
Астана 23
Саран 20
Қарағанды 19

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        444.72
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
Дауыс беру архивы


Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031