Бөлiм туралы
Тіл саясаты
Жаналықтар
Бірінші басшылардың өмірбаяны
Бөлімнің жұмысы
Бөлімнің есептері
Нормативтік-құқықтық актілер
Мемлекеттiк сатып алулар
Сілтемелер
Әңгімелесу
Сурет галереясы
2017 жылға арналған қызметтік міндеттер
Құрылымдық бөлімшелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Қала туралы
Іс-шаралар
 



 

 
Қарағанды облысының «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жаңалықтарын таратуға жазылу

 

ГлавнаяБөлiм туралыБөлім паспорты

Бөлім паспорты




    Жалпы ережелер

 

  1. Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі мекеме) мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілденген, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 42 бабының 6 пункті және 105 бабы, Қазақстан Республикасы Үкметінің 2004 жылғы 4 қазандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрлымын бекіту туралы» № 1022 Қаулысы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 – 11 Қаулысының 31 бабы негізінде құрылған мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Мекеме Саран қаласының аумағында таратылатын өкілеттер мен мемлекеттік орган қызметін жүзеге асырушы болып табылады.
  3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституцясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкметінің актілеріне және басқа да нормативтік – құқықтық актілеріне, сондай – ақ Негізгі Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
  4. Мекеме мемлекеттік және орыс тілінде аты жазылған мөрі, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ заңдарғы сәйкес банктерде шоттары бар заңды тұлғы болып табылады.
  5. Мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
  6. Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен барлық мекеме қызметкерлері үшін міндентті күші болатын бұйрықтар шығарады.
  7. Мекеменің құрлымы мен шекті штат саны Саран қаласы әкімиятымен бекітіледі.
  8. Мекеменің заңды мекен – жайы: 101200 Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай көшесі 19 үй.
  9. Мекеменің толық атауы:

-          мемлекеттік тілде: «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту 

      бөлімі» мемлекеттік мекеме

-          орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел культуры и развития 

языков города Сарани»

            Мекеменің қысқартылған атауы:

-          мемлекеттік тілде: «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту 

      бөлімі» ММ

-          орыс тілінде: ГУ «Отдел культуры и развития языков города Сарани»

  1. Мекеменің құрылтайшысы Саран қаласының әкімі болып табылады.
  2. Мекеменің құрылтай құжаттары Саран қаласы әкімиятының 2005 жылғы 12 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазндағы № 1022 және 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысын жүзеге асыру туралы» № 22 қаулысы және осы Ереже болып табылады.
  3. Мекеменің қызметі қаржыландыру Саран қаласының бюджеті есебіне жүзеге асырылады.

2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің негізгі міндеттері

  1. Мекеменің негізгі міндеттірі белгіленеді:

1.      Қазақстан Республикасының Заң актілерімен;

2.      Қарағанды облысы және Саран қаласы әкімияттарының қаулыларымен;

3.      Мекеме туралы Ережемен

  1. Мекеменің негізгі функциялары Қазақстан Республикасының Заңдарымен  

      белгіленеді, оның ішінде мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік   

      саясатты жүзеге асыру:

1)      қазақ халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының өнері мен мәдениетін, ұлттық сал – дәстүрлерін, фольклорын, қолөнер мен бейнелеу кәсіптерін өркендету, сақтау, құру, тарату және әйгілеу, мәдени төлтума өнімдер мен қызметтердің нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктердің үйлестіруші қызметін қамтамасыз етеді;

2)      бүтіндей Қазақстан Республикасына жататын Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени мұрасын сақтайды және мемлекеттік маңызы бар мәдени құндылықтарды құрады, (немесе) пайымдайды және осыған сәйкес басқа мемлекеттерге тапсыруға құқығы болмайды;

3)      жасы мен діни сеніміне қарамастан, барлық азаматтарды, оқушы жастарды, балаларды эстетикалық тәрбиеге, әлемдік мәдениет және ұлттық құндылықтарға таратуға әсер ететін оқу және тәрбие жүйесін дамытады;

4)      мәдени демалыс ұйымдарының (клубтар, мәдени демалыс парктері, мәдени сарайлар, кітапханалар, мұражайлар, кинотеатрлар, ұлттық – мәдени орталықтар және басқа да мәдениет ұйымдарын) құрылуы мен жұмыс істеуін, инфрақұрылымның дамуы және мәдениетінің материалдық – техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді;

5)      Саран қаласының аумағында тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңының, 1998 жылғы 14 тамыздағы «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту туралы» № 769 қаулысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолдаудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талаптарының орындалуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктердің қызметін, мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін нығайту және қолдану аясын кеңейтуді қамтамасыз ету, ресми қолданыстағы орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, этникалық топтардың тілдерін дамыту, аймақтағы тілдер және ұлтарлық ахуалға социологиялық зерттеу жүргізу, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысын талдауды іске асыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдарымен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара көмектесе әрекет жасау, сондай – ақ мекеме құзырына жататын басқа да мәселелер бойынша қызметтерін үйлестіреді.

6)      Мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мекеме құқылы: қала аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатын ведомствалық бағыныстылғы мен меншіктік нысаны түріне қарамастан, барлық кәсіпорын, ұйым, мекемелермен сақталуын үйлестіруге; жергілікті органдардан, мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдардан мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты орындау үшін қажетті ақпарат сұрауға; мекеме құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқару және уәкілетті орындарға ұсыныстар енгізуге; Заңдар және Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға.

  1. Мекеменің мүлкі және қаржысы
  1. Мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебін қалыптастырады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай – ақ мекеменің балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады:

  1. Мекемеге бекітілген мүлк коммуналдық меншікке жатады.
  2. Мекеме өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ

 

  1. Мекеменің қызметін ұйымдастыру
  1. Мекемені Саран қаласы әкімімен тағайындалатын және қызметтен босатылған бірінші басшы басқарады.
  2. Мекеме басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен олның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді.
  3. Мекеме басшысы осы мақсатта:

1) мекеме бас мамандардың функциональдық міндеттері мен өкілеттілігін   

белгілейді;

2) заңдарға сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;

3) заңдармен белгіленген тәртіпте мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

4) мемлекеттік мекеменің қаржы және өкімдік құжаттарынна қол қояды;

5) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда мекеменің мүлдерелін білдіреді;

6) заңдарға сәйкес өзге өкілеттерді

 

5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату     

 

1. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақсатан Республикасының  заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.





...

Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Көрнекі, сыртқы жарнаманы ресімдеу мәселелері бойынша азаматтардан ақпарат қабылдау және кеңес беру үшін «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жедел желі — 5-12-39» жұмыс істейді.

19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу
18.01.2018
Оқушылар қар тазалау жұмыстарына атсалысты
Толассыз жауған қардың салдарынан қаладағы қар тазалау жұмыстарымен айналысатын мекемелерде тыным жоқ. Бүгінде көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі аулаларын қардан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің бастауы
«Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі. Қолданылып келе жатқан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Жолдаудың басты бағдарларымен танысты
Қаңтар айынның он бесінші жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Әрі қарай оқу
































Ауа-райы
Астана 23
Саран 20
Қарағанды 19

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        444.72
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
Дауыс беру архивы


Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031