Бөлiм туралы
Тіл саясаты
Жаналықтар
Бірінші басшылардың өмірбаяны
Бөлімнің жұмысы
Бөлімнің есептері
Нормативтік-құқықтық актілер
Мемлекеттiк сатып алулар
Сілтемелер
Әңгімелесу
Сурет галереясы
2017 жылға арналған қызметтік міндеттер
Құрылымдық бөлімшелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Қала туралы
Іс-шаралар
 



 

 
Қарағанды облысының «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жаңалықтарын таратуға жазылу

 

ГлавнаяБөлiм туралыЖұмыс регламенті

Жұмыс регламенті




«Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жұмысының регламенті

1. Жалпы ережелер
1.1 Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарына сәйкес Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Саран қаласының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, облыс және қала әкімдері шешімдері мен өкімдерінің, сонымен қатар мәслихат шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
1.2. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзіретінде:
1.2.1. Саран қаласындағы мәдениет мекемелерінің қызметін басқарады;    1.2.2. Мәдениет мекмелері қызметкерлерінің біліктілігін, кәсіби деңгейін арттыру бойынша шаралар қолданады;
1.2.3. Қазақ халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының өнері мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін, фольклорын өркендету, сақтау, құру, тарату және әйгілеу мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен бірлестіктердің үйлестіруші қызметін қамтамасыз етеді;
1.2.4. Инфрақұрылымның дамуын және мәдениеттің материалдық-техникалық базасын бекітуді, мәдени-сауық ұйымдарын құру және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
1.2.5. Саран қаласының аумағында тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік сясатты жүзеге асырады: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен «тілдерді дамыту қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» талаптарын бақылау мәселеселелерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің қызметін үйлестіреді;
1.2.6. Мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен бекітілген мерзімде қарайды.

2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын жоспарлау
2.1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысы болашақ және жедел жоспарлау негізінде құрылады. Болашақ жұмыс жоспары – жылға,      ағымдағы – тоқсанға, жедел – айға құрылады.
2.2. Жұмыстың болашақ, ағымдағы және жедел жоспарын құруды бас маман жүзеге асырады. Жоспарларды құру бойынша жалпы басшылықты бөлім басшысы жүзеге асырады.
2.3. Болашақ жұмыс жоспарына сәйкес әр тоқсанға жұмыстың ағымдық жоспары құрылады.
2.4. Келесі тоқсанға арналған жоспардың жобасы ағымдағы тоқсан аяқталғанға дейін 10 ішінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығына бекітуге беріледі.
2.5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылдық жоспары мәдениет мекемелеріне таратылады.
2.6. Өз жұмыстарының жылдық, тоқсандық, жоспарларын құру кезінде мамандар сұрақтардың оқылуын, олардың қалалық тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысына дайын болуын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарының, Президент және Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулыларының, облыс және қала әкімдерішешімдері және өкімдерінің орындалу барысын еске алу керек.
Бас мамандардың жұмыс жоспарлары мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысымен бекітіледі.
2.7. Жұмыс жоспарының орындалуын жалпы бақылау мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысымен жүзеге асырылады.
3. Құжаттардың орындалуын бақылау
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент және Үкімет актілерінің, облыс және қала әкімдері шешімдерінің орындалуына жауапкершілік мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына жүктеледі.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін алғаннан кейін оларды жүзеге асыру жөніндегі шешімді қабылдайды, нақты мерзімді, іс-шаралар мен орындаушыларды анықтайды.
3.2. Құжаттардың орындалуын ұйымдастыруға жауапкершілік мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрығымен тағайындалған бас аманға жүктеледі.
3.3. «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдар, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, жарлықтары, өкімдері мен тапсырмалары қатаң бақылауға алынады.
3.4. Бақылауға алынған құжаттар бекітілген мерзімде орындалады.
Бақылауға қойылған құжатта орындау мерзімі көрсетілмеген жағдайда, ол отыз күннен кешіктірмей орындалуы керек.
3.5. Құжаттардың орындалуына бақылауды ұйымдастыруға жауапты адам ай сайын аппараттық мәжілістерде құжаттардың, тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндама жасайды.
4. Азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ауызша өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау
4.1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде азаматтардың өтінітері мен шағымдарын қабылдау, тіркеу және олардың орындалуын бақылау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәрібі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Азаматтардан түскен өтініштер мен шағымдар және оларға берілген жауаптар журналда тіркеледі.
4.3. Қосымша тексеруді және оқуды қажет етпейтін хаттар кешіктірмей қаралады.
4.4. бақылауға алынған хаттарды қарау нәтижелері туралы хат иесіне жауап жолданады.
Берілген жауаптардың ішінде уәде берілген хаттар болса, олар қосымша бақылауға алынады.
Мәселе толық шешілгеннен кейін хат толықтай бақылаудан алынады. Қаралағн хат жауабымен, қорытындыларымен және анықтамалармен бақылаудан алу үшін – құпия қайтарылады.
4.5. Азаматтарды қабылдау мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысымен азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Келушілерді қабылдау журналы басшымен жүргізіледі, ол бойынша тапсырмалар беріледі, орындалғаннан кейін бақылаудан алынады.
4.6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары оларға түскен азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін жүйелі түрде талдап отырулары қажет, олардың уақтылы қаралуына және талаптарға сәйкес орындалуына бақылауды жүзеге асырулары керек.
5. Іс жүргізу тәртібі туралы
5.1. Құжаттармен жұмыстың негізгі тәртібі және бөлімдегі іс жүргізуді ұйымдастыру негізгі ережелермен анықталады.
5.2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде құжаттарды есепке алу, сақтау, уақтылы өтуіне жауапкершілігі бұйрық арқылы бас маманға жүктеледі.
5.3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолданға хат-хабарлар іс жүргізуге жауаптымен қабылданады. Тіркеуден кейін құжаттар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына беріледі және оның нұсқауымен орындаушыларға беріледі.
5.4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  басшысының тапсырмалары бар құжаттар, шешімдер мен есептер бақылауға жатады және орындау үшін беріледі. Құжаттарды орындау мерзімі олардың тіркелген күнінен бастап есептеледі. Орындалған құжаттарға жасалған жұмыс туралы хат жазылады, олар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысымен беріледі, осыдан кейін іс жүргізуге жауапты оны бақылаудан алады.
5.5. Бөлім мамандары үнемі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына құжаттардың орындалу барысы туралы хабарлап отырады. Іс жүргізуге жауапты орындау мерзімі өтіп бара жатқан құжаттар туралы орындаушыларға ескерту жасауға құқылы.
5.6. Орындалған құжаттар оған қоса берілген материалдармен бірге орындаушыларда қалады.
5.7. Күнтізбелік жылдың аяқталуы бойынша орындалған бірақ қайтаруға жатпайтын барлық құжаттар тізімге сәйкес істерге тігіледі және мұрағатқа сақтауға жіберіледі. Сақтаудың тиісті мерзімі аяқталған соң олар акт бойынша өртеліп жойылады.
5.8. Дайындалған құжаттардың тақырыбы болуы керек. Билітің жоғары тұрған органдарына жолданған құжаттарға орындаушысы және шығыс нөмірі көрсетіліп, бөлім басшысының қолы қойылуы қажет. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қол қойған шығыс құжатының екінші данасы іске тігіледі.
6. Ұйымдардың қызметін зерделеу, мәдениет мекмелерін тексеру және олардың жұмысына практикалық көмек көрсету тәртібі туралы
6.1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдениет мекмелерінің қызметін кешенді қарауды бес жылда бір рет өткізеді, ал тақырыптық тексерістер жылына бір-екі реттен артық өткізілмейді.
6.2. Бөлім мамандарымен мәдениет мекемемелерін дайындау және тексеру кезінде олар тексеру жоспарын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысымен әзірлеуі және келісуі қажет, дайындау кезінде сол ұйым бойынша бұрын қабылданған құжаттармен, алдындағы тексеріс материалдарымен танысуы қажет, тексеріс мәселелері бойынша ақпаратты, есепті зерделеуі керек.
6.3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары істердің жағдайын тереңнен қарауы қажет, мәдениет мекемесінің қызметіне принципиальды баға беруі, Үкіметтің мәдениет туралы, тіл туралы қаулыларының, Мәдениет министрлігінің басшылық ететін құжаттарының және ҚР ақапараттарының мінсіз орындалуына қол жеткізуі, жетіспеушіліктерді жоюда практикалық көмек көрсетуі керек.
6.4. Мәдениет мекемесіндегі негізгі мәселелерді орындаудан басқа еңбек етушілердің өтініштерін, хаттары мен шағымдарын қарау жағдайымен, ауыспалы құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмыстармен танысу қажет.
6.5. Тексеріс нәтижелері бойынша материалдар:
- тексеріс аяқталғаннан кейін мәдениет мекемелерінің қызметін кешенді зерделеу нәтижелері бойынша – 10 күннен кешіктірілмей;
- тақырыптық зерделеу нәтижелері бойынша – 5немесе 7 күннен кешіктірілмей тапсырылады.
6.6. Тексеріс қорытындылары мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, мәдениет мекмелерінің басшылары қатысатын мәденикет бөлімінің басшысымен өткізілетін мәжіліске шығарылады.
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі комиссияларын, семинарларын, отырыстарын өткізу туралы
7.1. Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәжілістерді өткізуді реттеу бойынша мәдениет мекемелері басшыларының жұмыс уақытын тиімді пайдалану туралы тұрақты қамқорлық танытуы, олардың санын қысқартуға қол жеткізуі керек. Отырыста, мәжілісте қаралатын мәселелердің дайындалу сапасына қатаң назар аударылады, бір мәселені қайталап қарауға жол берілмейді.
Осыған байланысты әр түрлі мәселелер бойынша – бір жарым сағат жұмыс регламенті бекітілсін.
7.2. Бөлім жұмысын жедел басқару мақсатында әр айдың дүйсенбі күндері сағат 10.00-де бөлім мамандарымен аппараттық мәжіліс өткізіледі.
7.3. Бөлім мамандары қысқаша ақпарат беруі қажет:
- өткізілген іс-шаралар туралы, олардың сапасы мен нәтижелілігі туралы;
- тапсырмалардың, бақылауға қойылған құжаттардың орындалу барысы туралы;
- ағымдағы мерзімге жұмыс жоспары туралы.
7.4. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығымен өткізілетін мәжіліске дайындалу және қатысушыларды хабарландыру ісжүргізуге жауаптыға және бас мамандарға жүктеледі.
8. Мәдениет мекемелері басшыларын тағайындау, кадрларды келісу және ұсыну тәртібі туралы
8.1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәдениет және Тілдерді дамыту басқармаларының келісімі бойынша қала әкімімен тағайындалады және босатылады.
8.2. Мәдениет мекемелерінің басшылары бөлім басшысымен әкімнің және Мәдениет басқармасының келісімі бойынша лауазымға тағайындалады және босатылады.
8.3. Бөлім мамандары конкурстық негізде қабылданады.
9. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрықтарын дайындау және шығару тәртібі
9.1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша, демалыстар және іссапарлар бойынша бұйрықтар шығарады.
9.2. Барлық шығарылған бұйрықтарға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысымен қол қойылады.
10. Бұйрықтардың орындалуын бақылау, оларды есепке алуды және сақтауды жүзеге асыру
- негізгі қызмет, іссапарлар, демалыстар бойынша – іс жүргізуге жауаптыға; жеке құрам бойынша – кадрлар жөніндегі бас маманға жүктеледі.





...

Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Көрнекі, сыртқы жарнаманы ресімдеу мәселелері бойынша азаматтардан ақпарат қабылдау және кеңес беру үшін «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жедел желі — 5-12-39» жұмыс істейді.

19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу
18.01.2018
Оқушылар қар тазалау жұмыстарына атсалысты
Толассыз жауған қардың салдарынан қаладағы қар тазалау жұмыстарымен айналысатын мекемелерде тыным жоқ. Бүгінде көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі аулаларын қардан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің бастауы
«Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі. Қолданылып келе жатқан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Жолдаудың басты бағдарларымен танысты
Қаңтар айынның он бесінші жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Әрі қарай оқу
































Ауа-райы
Астана 23
Саран 20
Қарағанды 19

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        444.72
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
Дауыс беру архивы


Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031