Бөлiм туралы
Тіл саясаты
Жаналықтар
Бірінші басшылардың өмірбаяны
Бөлімнің жұмысы
Бөлімнің есептері
Нормативтік-құқықтық актілер
Мемлекеттiк сатып алулар
Сілтемелер
Әңгімелесу
Сурет галереясы
2017 жылға арналған қызметтік міндеттер
Құрылымдық бөлімшелер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Қала туралы
Іс-шаралар
 



 

 
Қарағанды облысының «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жаңалықтарын таратуға жазылу

 

ГлавнаяБірінші басшылардың өмірбаяны

Бірінші басшылардың өмірбаяны




Темірханов Ержан Оралұлы – Саран қаласының әкімі
1980 жылы Қарағанды қаласында туған.
Екі жоғары білімі бар: заңгер (Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институты) және экономист (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті)
Еңбек жолын 1999 жылы құқық қорғау және кеден органдарынан бастаған. 2005 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде істеген.
2012 жылдан бастап әкімшілік-мемлекеттік қызметтерде - «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ бастығы, Қарағанды қаласы әкімінің өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешені, экология мәселелері жөніндегі орынбасары, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2017 жылдың 15 мамырынан бастап Саран қаласының әкімі.
Үйленген, үш баласы бар.

Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік органдар, ұйым және азаматтармен өзара әрекеттесуде Саран қаласының мүддесімен шығады.
Облыс әкіміне тиісті тұлғаларға мемлекеттік наградалар, құрмет және басқа да атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне «Қаланың құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енізеді.
Саран қаласы әкімдігінің қызметіне басшылық етеді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау бойынша шаралар қолданады.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, әлеуметтік – мәдени сала мекемелерін материалдық –техникалық қамтамасыз етуді қолдайды және көмек көрсетеді.
Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын енгізеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік – кеңес органдарының жеке құрамын ұсынады.
Өз құзыреті шегінде жалпы әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңнамалардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Келесі тұлғаларды: уәкілетті жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша қала әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын, қала әкімі аппаратының қызметкерлерін және оның құрылымдық бөлімшелері басшыларын, сондай-ақ қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
Өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Ақтас кенті әкімінің қызметін, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қалыптастыру үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасауды үйлестіреді.
Ақтас поселкесі әкімінің қызметіне бақылау жүзеге асырады.
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: жұма 15.00-ден 18.00-ге дейін

Кожухов
Кожухов Мейрам Муратович – Саран қаласы әкімінің орынбасары
1972 жылы 7 қарашада Қарағанды облысының Саран қаласында туған. Білімі жоғары.
1991 жылы «Пластмасс және резинаны өңдеу зауытын жабдықтау» мамандығы бойынша Қарағанды химия – технологиялық техникумын бітіріп «техник-механик» біліктілігін алды.
2004 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірді, біліктілігі - заңгер.
2008 жылы «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қалалық шаруашылық» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіріп, екінші жоғары білім алды. Біліктілігі - инженер.
1992 жылғы қыркүйектен 1994 жылғы қаңтар аралығында «МК-ЛЮКС» ЖШС атқарушы директоры болып істеді.
1999 жылғы қаңтардан 2001 жылғы наурызға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2001 жылғы наурыздан 2005 жылғы ақпанға дейін - Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы.
2005 жылғы ақпаннан 2005 жылғы маусымға дейін уақытша «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ меңгерушісінің міндетін атқарды
2005 жылғы маусымнан 2010 жылғы шілдеге дейін Ақтас поселкесінің әкімі.
2010 жылғы шілдеде Саран қаласы әкімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлк және байланыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Функционалдық міндеттері:
Қала әкімі уақытша болмаған кездерінде оның өкілеттілігін атқарады.
Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты: жылумен, электрмен, сумен, газбен жабдықтауды дамытуға дамытуға жауапты болып табылады.
Су шаруашылығы мақсатындағы, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым нысандарына құрылыс және қайта жаңғырту жоспарларының орындалуын үйлестіреді.
Жоғары тұрған органдарда бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша тиісті кезеңге даму басымдылықтарына сәйкес инвестжобаларды келісу мәселелері бойынша, сондай-ақ жетекшілік ететін салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және уақытылы игеру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді.
Баға және тариф саясатын қалыптастыруға, дәрменсіз бәсекелестік фактілерін болдырмауға және монополиялық қызметті шектеуге қатысады.
Жетекшілік ететін салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
Көлік және коммуникацияны жаңғырту және оңтайландыру бөлігінде жұмысты үйлестіреді.
Ақтас кенті және қаланы нормативтерге сәйкес қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға басшылық жасайды.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Қажеттілікке сәйкес қаланы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге жауап береді.
Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттарды және апаттық жағдайларды ескерту және жоюды ұйымдастыру бойынша ісшараларды жүзеге асырады.
Құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес бағдарламасын іске асыруға жауаптыболып табылады.
Қала аумағында құрылыстар мен екінші нысандарды растау және ат беру саласындағы мәселелерге жетекшілік етеді. Құрылыстар мен екінші нысандарды «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне толтыру және маңыздандыру қызметін үйлестіреді.
Жетекшілік ететін атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жауап береді.
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен кәсіпорындар:
1. «Саран қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
2.«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
3. «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;
4. «Саран қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
5.«Саран қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ;
6. «Саранкоммунсервис» КМК;
7.«Абаттандыру» ЖШС;
қызметіне жалпы бақылау жүргізеді.
  1. «Саран қаласының ТЖ бөлімі» ММ;
  2. Табиғатты қорғау комитеті;
  3. «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК;
  4. Байланыс, энергетика, көлік қызметін
үйлестіруді қамтамасыз етеді.
  1. Сот;
  2. Прокуратура;
  3. Қаржы полициясы
ұйымдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: дүйсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.


БлокБлок Маргарита Евгеньевна – қала әкімінің орынбасары.
1961 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында туған.
Білімі жоғары. 1983 жылы «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау» мамамндығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. Біліктілігі - экономист.
1987 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін Қарағанды резина техникалық бұйымдардың бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика цехының нормалаушысы болып жұмыс істеді.
1987 жылғы қыркүйектен 1992 жылғы наурызға дейін Қарағанды облыстық атқару комитетінің еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Саран бюросының меңгерушысы болды.
1992 жылғы наурызда Саран қалалық әкімшілігі басшысының экономика жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
1994 жылғы қаңтардан 1996 жылғы қыркүйекке дейін «Шахтер» шағын өндірістік-құрылыс кәсіпорнының бухгалтері болып жұмыс істеді.
1996 жылғы қыркүйекте Саран қаласының тұрғын үй жәрдемақысы орталығының бас маманы-бухгалтері болып тағайындалды. 1997 жылғы мамырдан 1999 жылғы қаңтарға дейін Саран қаласы әкімі аппараты экономика комитетінің аға маманы болып жұмыс істеді.
1999 жылғы сәуірде Саран қалалық статистика бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2002 жылы Саран қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2002 жылғы қаңтарда Саран қалалық мәслихатының ревизиялық комиссиясы лауазымына тағайындалды.
2004 жылғы сәуірден Саран қаласы әкімінің өнеркәсіп, кәсіпкерлік, қаржы-экономикалық блок, агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
Функционалдық міндеттері:
Экономика, бюджеттік жоспарлау, жергілікті бюджеттің орындалуы, коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бюджеттің кіріс бөлігін жасау, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу, бюджеттің орындалуы бойынша басшылықты жүзеге асырады.
Жоғары тұрған органдарда бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша тиісті кезеңге даму басымдылықтарына сәйкес инвестжобаларды келісу мәселелері бойынша, сондай-ақ жетекшілік ететін салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және уақытылы игеру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын түзуді, аумақтық даму бағдарламаларын іске асырудың бағалау көрсеткіштерін әзірлеуді, сондай-ақ экономикалық және бюджеттік жоспарлау кезінде стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды түзуді үйлестіреді.
Экономиканың өнеркәсіп секторын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіне мониторинг жасауды, олардың жұмыс тиімділігін талдау мен өңірде бар резервтерді, сол сияқты экспорттық әлеуетті анықтауды қамтамасыз етеді.
Өндірістік және инновациялық әлеуетті аумақтық ұйымдастыру, өндірістің энерготиімділігі, технологиялардың модернизациясы мен трансферті мәселелерін ескере отырып, өңірдің индустриалдық-инновациялық дамуы мен инновациялық белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (жобаларды жүзеге асыру барысына мониторинг және бақылау, нысандарды тиісті уақытында іске қосу мен олардың жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету, Индустриализациялау картасына енгізу үшін жобаларды іздестіру және іріктеу, Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру) іске асыруды қамтамасыз етеді.
Шағын және орта бизнесті дамыту, бизнес-қауымдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасау, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелерін үйлестіреді.
Инвестицияларды тарту, инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, мемлекеттік және аймақтық инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің, сол сияқты бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысының уақтылы және толық төленуін қамтамасыз етеді.
Азық-түлік ресурстарының жинақталуына және ұтымды пайдаланылуына,болашақта дамуына тамақ, қайта өңдеу өнеркәсібі, сауда кәсіпорындарының жұмысына бақылау жасауды ұйымдастырады.
Атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің аграрлық өндірісті тұрақтандыру бойынша жұмысын үйлестіреді.
Жетекшілік ететін салалар бойынша қаланың басқа аймақтармен, ТМД елдерімен алыс шетелдермен сауда-экономикалық байланысты дамытады.
Қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша шараларды қамтамасыз етеді
Жетекшілік ететін салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды. Инфляцияға қарсы шаралар бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып табылады.
Жетекшілік ететін атқарушы органдардың мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуіне жауап береді.
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың:
  1. «Саран қаласының қаржы және экономика бөлімі» ММ;
  2. «Саран қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ;
  3. «Саран қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
қызметіне жалпы бақылау жүзеге асырады.
  1. «Саран қаласының салық басқармасы» ММ;
  2. «Саран қалалық қазынашылық басқармасы» ММ;
  3. «Саран қаласының статистика бөлімі» ММ;
  4. «ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Саран қалалық аумақтық инспекциясы» ММ;
  5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің «Саран қалалық аумақтық инспекциясы» ММ
қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: сәрсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.

Описание: 9633_1 Оспанов Ералы Серікұлы – ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері бойынша жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары
1982 жылғы 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында туылған.
Екі жоғары білім бар. 2007 жылы «Саясаткер. Саясаттану оқытушысы» мамандығы бойынша Қарағанды қаласының «Болашақ» институтын тәмамдаған. 2012 жылы «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін тәмамдады.
Еңбек қызметін 2007 жылы инспектор мамандығы бойынша Қарағанды қаласының №1 халыққа қызмет көрсету орталығында бастады.
2008 жылғы  қазан айы мен 2009 жылғы қыркүйек айы аралығында Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінде әлеуметтік жұмыс бойынша бас маман болып қызмет атқарды.
2009 жылғы қыркүйек айынан 2011 жылғы қараша айына дейін Қарағанды қаласы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық бөлімде басшы болып қызмет атқарды.
2011 жылғы қараша айынан 2012 жылғы сәуір айына дейін Астана қаласындағы Көлік және коммуникация Министрлігінде  Транспорттық бақылау комитетінің  автокөлік транспортын бақылау жөніндегі басқармасында сарапшы болып қызмет етті.
2012 жылғы сәуір айынан 2013 жылғы наурыз айына дейін Астана қаласындағы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінде стратегиялық жоспарлау департаментінің стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және жалпы методология бойынша сарапшысы  болып жұмыс істеді; Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау басқармасында талдау жұмыстары бойынша бас сарапшы болып қызмет істеді.
2013 жылғы наурыз айынан 2015 жылғы тамыз айына дейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы  болып жұмыс істеді, ішкі-экономикалық байланыс және хаттама бөлімінің басшысы болды. 2015 жылғы тамыз айынан 2016 жылғы сәуір айына дейін Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарды.
Функционалдық міндеттері:
Қала аумағында қоғамдық саяси тұрақтылықты, мемлекеттік егемендікті нығайтуды, қоғамдық процестерді демократизациялау және қоғамды біріктіруді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жауапты.
Қала деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік білім беру, денсаулық, мәдениет және өнер, тілдерді дамыту, жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің, ұлттық мәдени орталықтардың қызметін үйлестіреді.
Кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету, тілдерді дамыту және қолдану, білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы бағдарламаларды жүзеге асыруға жауапты.
Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, көші-қон және демографиялық саясат, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жауапты.
Қаланың басқа аймақтармен, ТМД елдерімен және шет елдермен мәдени байланысын дамытады. Қалалық ономастикалық комиссияға төрағалық етеді.
Қала аумағында геонимдерге атау беру, қайта атау саласындағы мәселелер бойынша жетекшілік етеді. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, геонимдердің «Мекенжай регистрі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізілуі жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін үйлестіреді.
Жетекшілік ететін атқарушы органдар бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтің сапасына жауапты.
«Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Саран қаласының білім бөлімі» ММ, «Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ атқарушы органдарының қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
Әлеуметтік мәселелер бойынша басмаманның – кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның жауапты хатшысының, «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК, «Саран тынысы» ЖШС жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықты болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды және бақылау жүргізуді жүзеге асырады.
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.




...

Саран қаласы тұрғындарының назарына!

Көрнекі, сыртқы жарнаманы ресімдеу мәселелері бойынша азаматтардан ақпарат қабылдау және кеңес беру үшін «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жедел желі — 5-12-39» жұмыс істейді.

19.01.2018
Жоба бойынша дайындалған жұмыстармен танысты
Қаңтар айының он жетінші жұлдызында орта жалпы білім беретін №6 мектепте «IT – білім беру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы» атты Әрі қарай оқу
18.01.2018
Оқушылар қар тазалау жұмыстарына атсалысты
Толассыз жауған қардың салдарынан қаладағы қар тазалау жұмыстарымен айналысатын мекемелерде тыным жоқ. Бүгінде көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі аулаларын қардан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің бастауы
«Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі. Қолданылып келе жатқан Әрі қарай оқу
16.01.2018
Жолдаудың басты бағдарларымен танысты
Қаңтар айынның он бесінші жұлдызында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Әрі қарай оқу
































Ауа-райы
Астана 23
Саран 20
Қарағанды 19

Валютаның бағамы
 
Доллар (АҚШ)     330.67
      
Евро        350.38
 
Ресей рублі рубль        444.72
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
Дауыс беру архивы


Қантар, 2018
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031